«Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде қыс кезінде ауыл балалары да демалуға мүмкіндік алып отыр - БҚО

None
ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы «Еуразия» туристік-сауықтыру кешені биыл облыс аудандары оқушыларының қысқы демалысын ұйымдастырды.

Бұған аталмыш кешеннің күрделі жөндеуден өткізілуі мүмкіндік берді. Бұрын кешенде облыс орталығында экология және туризм үйірмесінде жаттығатын балалар демалып келсе, биыл бес күндік ауысымда ауыл балдырғандары да тынықты. Облыстың тоғыз ауданынан барлығы 120 оқушы келді.

Барлық жағдайы бар кешен ауысымына 200-ге дейін балаларды қабылдай алады.