Еуразия ұлттық университеті қызылағаштықтарға 3,3 млн. теңге аударды
18:11, 01 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы Алматы облысындағы Қызылағаш ауылында су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға қаржылай көмек ретінде 3,3 млн теңге аударды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыдан бір ай бұрын басталған игі шара барысында Еуразия ұлттық университетінің қызметкерлері біркүндік жалақыларын қызылағаштықтардың есебіне аударуды ұйғарды. Күні кеше ғана 3,295 млн. теңге көлеміндегі қаржылай көмек Талдықорған қаласындағы «Жансүгіров» қоғамдық қорына аударылды.