Еуразия ұлттық университетінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті

None
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мектеп түлектеріне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараның ресми бөлімінде сөз сөйлеген университет ректоры Бақытжан Әбдірайым атап көрсеткендей, бүгінгі таңда еліміздің іргелі жоғары оқу орны болып табылатын Еуразия ұлттық университетінде «Алтын белгі» иегерлері сияқты дарынды жастардың 70 пайызы білім алуда. «Шынын айту керек, өткен жылы біздің университетімізге 409 «Алтын белгі» иегерлері оқуға түсті. Олардың 10-ына мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінген білім беру гранты жетпей қалған. Оған қарамастан, біз университеттің жеке гранттарын тағайындап, осы түлектерді оқуға қабылдадық. Сондықтан бізге білім іздеп келген барлық жастарға есік ашық!», - деді өз сөзінде университет басшысы Б.Әбдірайым.