«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасындағы саудада астық бағасы төмендеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күндізгі сессия барысында 4 сыныпты астық үшін сәуір, мамыр, маусым айларында орындалуы тиіс жалпы құны 9 477 000 теңгелік 12 фьючерстік келісімшарт жасалды. Сессия барысында сәуір айында орындалуы тиіс келісімшарт бойынша 3 сыныпты астық құны дүйсенбі күнгі саудамен салыстырғанда 14 450 теңгеге төмендеп, 14 550 теңгені құрады. Ал мамыр айында орындалуы тиіс фьючерс құны 670 теңгеге төмендеп, тоннасына 14 680 теңгені құрады.Маусым айында орындалатын фьючес құны да 670 теңгеге құлдырап, тонасына 15 350 теңге болды.
4 сыныпты астық үшін сәуір айында орындалуы тиіс фьючерс бағасы 330 теңгеге өсіп, тоннасына 13 030 теңге болды.Ал мамыр айында орындалуы тиіс фьючерстің құны 570 теңгеге төмендеп, тоннасына 12 180 теңге болды. Маусым айындағы фьючерс бағасы да 600 теңгеге төмендеп, тоннасына 12 150 теңгені құрады.