Фермердің үйін тонамақшы болған қарақшылар сегіз жылға бас бостандығынан айырылды - Павлодар облысы

None
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Қашыр ауданының соты екі азаматты қатаң бақылаудағы колонияға сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті,

деп хабарлайды оның баспасөз қызметі.

16-шы калибрлі аңшылық шолақ мылтық, газ баллоны және екі метрлік арқан алған қаскүнемдер Октябрьское ауылына көлікпен келді - оларды шаруа қожалығының үйі қызықтырған еді.

үй иесінің көлікпен ауыл сыртына кеткен кезде олар аулаға кіріп үйдің есігін қақты. Қожайынның әйелі есік ашқанда, күтпеген «қонақтар» оған мылтықты бағыттап, баллондағы газды пайдаланды. Бірақ әйел металл есігінің артына тез кіріп, оны құлыптап үлгерді.

Шабуыл жасаушылар тонау жоспарының іске аспағандығын түсініп, қашуға әрекет жасады, бірақ көп өтпей-ақ әлгілерді фермердің туыстары ұстап алды. Оларға шаруа қожайынының зайыбы телефон соққан еді. Қарақшылар полиция қолына тапсырылды.