«Фольксваген» акциялары жанжал салдарынан күрт құлдырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс автомобиль алыбы «Фольксвагеннің» акциялары Франкфурттағы сауданың бас кезінде зиянды газ қалдықтарының атмосфераға таралуы бойынша жасалған тестілерді жалған ету жанжалына байланысты шамамен 16 пайызға түсіп кеткен.

Өткен аптада Американың Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің өткізген тергеуінен кейін компания мәліметтерді жалған еткенін мойындап, кешірім сұрап, ішкі тергеуді бастады. Тестілеу қорытындыларын жалған ету АҚШ-ғы дизельдік отынмен жүретін жарты миллионға жуық көлікке қатысты болды.

«Фольксваген» 2015 және 2016 жылдары шығарылған бірнеше көлік моделі сатылымын тоқтатты, бірақ оларды қайта шақыртуды жоспарлап отырған жоқ.

Парниктік газдардың атмосфераға аз шығарылуы- «Фольксваген» компаниясы жарнамасының негізі болған. Неміс компаниясының автомобильдерді сатудан «Тойота» концернінен озып кетуіне де осы себеп болуы әбден мүмкін.

Қазіргі кезде компания жалған мәліметтер тиісті болған әрбір көлігі үшін айыппұл төлеуі мүмкін, бұл шамамен 18 млрд. долларды құрайды.