Францияда улы химикаттар әкеле жатқан пойыз рельстен шығып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Францияның сол жақ беткейінде улы химиялық заттар әкеле жатқан пойыз рельстен шығып кеткен. Бұл туралы La Voix du Nord өңірлік газеті жазды, деп хабарлайды ТАСС.

Себебі белгісіз апат Лилль қаласы маңындағы Ломм коммунасында болған.  Басылым мәліметі бойынша темір жол құрамы қышқыл әкеле жатқан. 

"Халық үшін ешқандай қауіп жоқ", - деді Француз темір жол ұлттық компаниясының өкілі (SNCF) газетке берген сұхбатында. Осы учаскедегі пойыздардың қозғалысы қауіпсіздікті сақтау мақсатында уақытша тоқтатылды. Қоршаған ортаның зиян шегу мүмкіндігіне жол бермеу үшін  химиялық қорғау және өртке қарсы саланың  оншақты мамандары  оқиға болған жерге келді.