Футбол: Қазақстан құрамасы Түркияда оқу жаттығу жиынын бастады
18:53, 23 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияның Белек қаласында оқу-жатығу жиынын бастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, құрамаға шақырылған футболшылар түгелдей оқу-жаттығу жиынына кірісіп кетті. Осының аясында Қазақстан құрамасы наурыздың 3-де Молдова құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Ойын Анталья қаласындағы «Ататүрік» стадионында өтеді.