Германияда қала мэріне жасалған шабуылдың саяси астары жоқ — полиция

Фото: lsm.lv

АСТАНА. KAZINFORM –  Германиядағы қала мэрі Ирис Штальцер өзіне шабуыл жасаған адам туралы полицияға куәлік берді, деп хабарлайды DW.

Саясаткердің айтуынша, оған 17 жастағы асырап алған қызы пышақпен шабуыл жасаған.

Бернд Халдорн есімді аға прокурордың мәлімдеуінше, оқиға тұрмыстық жанжал салдарынан болған. Қызды қамауда ұстауға негіз жоқ, сондықтан ол, сондай-ақ шабуылдан кейін ұсталған 15 жастағы асырап алған ұлы да полиция бөлімінен босатылады. Балалар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі органның қарауына беріледі.

Еске салайық, 7 қазанда Германияның жуырда ғана сайланған мэрі, Германияның Социал-демократиялық партиясының өкілі, 57 жастағы Ирис Штальцер ішінен және арқасынан ауыр пышақ жарақатын алған еді. Саясаткер ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі уақытта Штальцердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.