Головкин - Лемье жекпе-жегі: Билеттің бәрі сатылып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі әлемдегі ең танымал - Madison Square Garden бокс аренасындағы WBA(Super)/WBC (Interium)/IBF/IBO титулы үшін болатын жекпе-жекке билеттің бәрі сатылып кетті.

Өйткені бұл жолғы кездесудің орны ерекше, деп хабарлайды sports.kz.

Еске сала кетсек, Головкиным мен Лемье айқасын жанкүйер қауым 17 қазанда HBO-дан тікелей трансляция арқылы көре алады. PPV трансляциясының құны 49,95 АҚШ долларын құрайды.