«Гомельдрев» қаңтарда Қазақстанға жеткізіп беруді екі есеге арттырды - БЕЛТА агенттігі

None
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Беларус Республикасындағы «Гомельдрев» ААҚ ағымдағы жылғы қаңтарда Қазақстанға 210,5 мың АҚШ долларының тауарларын жеткізіп берді, ол 2009 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда үш есеге жуық артық,

деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА сайтына сілтеме жасап.

Қаңтардағы қорытындылар бойынша компанияның барлық экспорты 23,4 пайызды құрады. Кәсіпорын маркетингі басқармасының бастығы Виктор Гармашовтың айтуынша, соңғы жылы ААҚ-ның шетелдерге жеткізіп берушілер қатарында Қазақстанның жалпы мөлшердегі үлесі 16 пайызды құрады. «Гомельдрев» ААҚ Қазақстанға негізінен еменнен және қайыңнан жасалған жиһаздарды жеткізіп береді. Өткен ай ішінде кәсіпорынның экпорты 560,8 мың АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 109,2 пайызға өскенін көрсетеді. Жөнелтілімнің ұлғаюы әлемдік қаржы дағдарысы салдарының азаюына байланысты болды.

«Гомельдрев» ААҚ шығаратын өнімдерінің 60 пайызға жуығын шет елдерге сатады. Экспорттың 75 пайыздан астамы Ресейге тиесілі. ААҚ тауарларын сонымен қатар, Қазақстанға, Украинаға, Әзірбайжанға, Молдоваға, Өзбекстанға, Литваға және Латвияға жеткізіп береді. «Жеткізіп беру бойынша қазір біздер Тәжікстанмен, Қырғызстанмен және Түрікменстанмен келіссөздер жүргізудеміз», - деді Виктор Гармашов. Ол сонымен қатар, қазіргі уақытта кәсіпорын тауарларын ТМД елдерінің 140 қаласы сатып алатынын атады.