Грузия Үкіметі Қазақстан бизнесмендерінің инвестициясына сенім артып отыр - Николоз Гилаури

None
әуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Грузия Үкіметі Қазақстан бизнесмендерінің инвестициясына сенім артып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Грузия Премьер-Министрі Николоз Гилаури мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол өз сөзінде Қазақстан компаниялары өте маңызды капитал салу шараларын жүзеге асырғанын жеткізді. Олар инвестиция, туризм, өнеркәсіп салаларына жұмылдырылған. «Осыған байланысты аталған капиталды салу алдағы мерзімде арта түсетініне сенім артамыз», деді Грузия Премьер-Министрі.

Н. Гилауридің пайымдауынша, бұдан кейінгі уақытта туризм, энергетика, ауыл шаруашылығы салалары Қазақстанның іскер топтары үшін тартымды болмақ. Қазақстан компаниялары бұл салаларда капитал салу бойынша үлкен тәжірибе жинақтағанын жеткізген ол, осы тұрғыда Қазақстан бизнесі елеулі көлемде инвестиция жұмсайтындықтарына сенім артты.