Халықаралық ғарыш стансысына ресей-американ ғарыш экипажы аттанды - Байқоңыр

None
АЙҚОҢЫР. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 10.04-те Байқоңырда халықаралық экипаж мінген «Союз ТМА-18» ғарыш кемесі ғарышқа ұшты.

Экипаж құрамына ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов пен Михаил Корниенко, сондай-ақ американдық астронавт Трейси Колдвелл-Дайсон кірген.

«Байқоңыр» ғарыш кешені мен Ұшу сапарларын басқару орталығының жедел қызметінен хабарлағандай, «Союз ТМА-18» кемесінің ұшу сапары штаттық режімде өтті.

Кеме Халықаралық ғарыш стансысымен екі тәуліктен кейін, сәуірдің 4-і күні мәскеу уақыты бойынша сағат 09.26-да түйісуі керек.