Халықаралық шахмат федерациясы еліміздің жеткіншектеріне спорттық атақтарды тағайындады
16:15, 09 Қаңтар 2012
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) еліміздің жеткіншектеріне спорттық атақтарды тағайындады.
Қазақстан шахмат федерациясының мәліметіне қарағанда, 8 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін «ФИДЕ шебері» атағы елордалық Бибісара Асаубаеваға берілді. Сонымен қатар, оралдық Әлібек Иғамбергеновке 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында үшінші орын алғаны үшін «ФИДЕ шеберіне кандидат» атағы тағайындалды.