Халықаралық театр күніне орай облыстық қазақ драма театрының бір топ әртісі марапатталды
12:56, 01 Сәуір 2010
ОРАЛ. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Халықаралық театр күніне орай Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бір топ әртісі марапатталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Театрдың белді әртістері Боранбай Молдабаев пен Бақтыгүл Жақыпова ҚР мәдениет қайраткері атанды. Ал Гүлжан Шынтемір, Мұсағали Бектенов, Бибігүл Исалиева, Салтанат Мұратбекова, театр режиссерлері Мұқан Томанов пен Асхат Маемиров облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Оларды облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов наурыздың 31-інде «Біз үшеу едік» атты спектакльдің алдында құттықтап, марапаттарын тапсырды.