Хоккейден Швецияның құрамасы олимпиада чемпионы атағынан айырылды

None
АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Хоккейден Словакияның құрамасы Швеция құрамасын тізе бүктіріп, олимпиадалық турнирден ығыстырып шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финал жолындағы матчта шведтер словактарға 3:4 есебімен есе жіберді. Осылайша, Швеция құрамасы 2006 жылы Туриндегі Олимпиада ойындарында қол жеткізген олимпиада чемпионы атағынан айырылды.