Хоккейден Швейцария құрамасы Олимпиаданың ширек финалына шықты

None
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Хоккейден Швейцария құрамасы олимпиада турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстардың келесі кезеңіне өту жолындағы матчта швейцариялық хоккейшілер Белорус командасымен кездесті және қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Олимпиаданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Швейцария - Белорус матчының есебі ойын басталғаннан кейін бір минуттан соң ашылды. Беларустық шабуылшы Алексей Калюжный швейцариялық қақпашы Йонас Хиллердің қақпасына соққан алғашқы голдың авторы болды. Бірінші таймның ортасында Швейцария құрамасы есепті теңестіреді, ал екінші кезеңде есепті ұлғайта түседі.

Ширек финалда Швейцария құрамасы АҚШ командасымен кездеседі.