ІІМ ақпараттық-насихаттау тобы Таразда «Біз - Жеңіс мұрагерлеріміз» атты акция өткізуде

None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер комитетінің ақпараттық-насихаттау тобы Елбасы Жолдауының негізгі тарауларын түсіндіру жұмыстары аясында Таразда «Біз -Жеңіс мұрагерлеріміз» атты акция өткізуде.

Топтың жетекшісі полковник Мұхаметқали Сәтовтың айтуынша, наурыздың 30-ы мен сәуірдің 2-сі аралығында өтіп жатқан осынау акция аясында «дөңгелек үстел» отырыстарын, жастармен және гарнизонның жеке құрамымен, ардагерлермен кездесулер өткізу жоспарланған.

Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жөніндегі кешенді шаралар мәдениет және білім ошақтарында, балалар үйлерінде ұйымдастырылады.