Индустрия және сауда министрі Теміртауда сапарда жүр

None
ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев бейсенбі, ақпанның 25-і күні Теміртау қаласына сапар жасады.

Министр Теміртауға Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат тобының жетекшісі ретінде келді.

Ә.Исекешев алдымен «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының металлургиялық комбинатында болды, содан кейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ғимаратында халықпен кездесу өткізді. Министр Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі баптары туралы әңгімелеп берді. «Қарағанды облысы өнеркәсіптік өндіріс ауқымы бойынша республикада үшінші орын алады және Жеделдете индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда өңірге айрықша рөл беріліп отыр», деп атап көрсетті Ә.Исекешев өз сөзінде.

Бүгін Ә.Исекешев Теміртауда жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.