Индустрияландыру картасына енген жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды
17:36, 24 Ақпан 2010
ЫЗЫЛОРДА. Ақпаннның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіп кешені бойынша өңірлік индустрияландыру картасына енген жобаларды жүзеге асыру барысы жөнінде мәжіліс өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы өңірлік индустрияландыру картасына аймақтағы агроөнеркәсіп саласы бойынша жалпы құны 14,7 млрд теңге болатын 39 жоба енгізіліп отыр. Үстіміздегі жылы 15 жобаны іске асыру көзделуде.
Ел әлеуетін көтеруге бағытталған жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан даму институттарына жеңілдетілген несиелер бөлінуде. Осылайша Елбасы Жолдауына сәйкес салада еңбек өнімділігін 2 есеге көбейту, экспорт әлеуетін арттыру және ауыл шаруашылығын әртараптандыруға үлкен мүмкіндік туып отыр.