Ішкі істер министрі Kaspi bank қызметкерін кепілге алған күдіктімен қалай келіссөз жүргізгенін айтты
16:57, 19 Маусым 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін Kaspi bank қызметкерін кепілге алған күдіктімен келіссөзді қалай жүргізгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мен қазір мән-жайды айта алмаймын. Өйткені тергеу жүріп жатыр. Кездесуі кездестім енді. Өзім алдын ала телефонмен сөйлестім. Сосын кіріп, кепілдікке алған азаматшаны босатуын сұрадым. Өйткені ол апасымен сөйлесті. Сол кезде енді ондайға көнбегесін жаңағы арнайы жасақтардың жұмысы басталды», - деді ол.
Сондай-ақ, министр арнайы операция барысы туралы мәлімет министрліктің баспасөз қызметінен емес, телеграмм-арналар арқылы тарауына түсініктеме берді.
«Арнайы операция жүргізілгендіктен ол жерде ішкі істер органдарының ғана қызметшілері болған жоқ. Яғни, тексеру жүргізіледі. Егер қандайда бір ақпарат жасырын тарап кеткен болса, тиісті тексерулер жүреді», - деді Марат Ахметжанов.