Испания, Ирландия және Норвегия Палестинаны мойындады – Politico газеті
АСТАНА. KAZINFORM – Испания, Ирландия және Норвегия үкіметтері Палестина мемлекеттілігін мойындау туралы мәлімдеме жасайды. Бұл туралы Politico газеті жазды.
Испанияда премьер-министр Педро Санчес бұл ұсынысты бүгін таңертең парламентте таңғы сағат 9.00-де сөйлеген сөзінде жасады. Испания 28 мамырда Палестинаны мемлекет ретінде мойындайды. Бұл жөнінде Reuters Испания премьер-министріне сілтеме жасап хабарлады.
Ирландияның үшпартиялы үкіметінің басшылары: премьер-министр Саймон Харрис, Сыртқы істер министрі Михаэль Мартин және Қоршаған ортаны қорғау министрі Имон Райан хабарландыруды таңғы сағат 8.00-де (Брюссель және Мадрид уақыты бойынша сағат 9-да) баспасөз мәслихатында жасайды.
Норвегияның премьер-министрі оның елі 28 мамырда Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде мойындайтынын мәлімдеді. Йонас Гар Стерен Таяу Шығыстағы бейбітшілік мойындау болмайынша орнамайтынын ерекше атап өтті.