Испанияда америкалық төбешікте сырғанаған турист көгершінмен соқтығысты
10:24, 08 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық төбешікте сырғанаған турист көгершінмен соқтығысты. Оқиға Испанияның Порт Авентура курортындағы "Феррари-лэнд" тақырыптық паркінің ашылуында болды.
Mashable порталының хабарлауынша, аттракцион арбасы сағатына 150 шақырымға дейінгі жылдамдықта жүрген. Сол себепті, бұл соқтығыстан көгершін аман қалуы мүмкін емес тәрізді, ал жас жігіттің жағына зақым келген.