Қ.Көшербаев Қармақшы ауданының тіршілігімен танысты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев кеше жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды.

Аймақ басшысы ауданның Көмекбаев атындағы, Қуаңдария, Майлыөзек, Тұрмағамбет, Ақжар, III Интернационал, Иіркөл және Төребай ауылдарында болып, олардағы әлеуметтік мәселелердің қалай қолға алынып, шешіліп жатқанына назар аударды.

Сапар барысында Қырымбек Көшербаев аталған елді мекендердің әлеуметтік нысандарын, коммуналдық кәсіпорындарын аралап көріп, олардағы еңбек және тұрмыстық жағдайлармен танысты. Ол барлық ауылдарда жергілікті тұрғындармен арнайы кездесу өткізді. Жиындар барысында ауыл тұрғындары көбіне-көп ауыз су және аяқ су мәселелерін, жолдарды жөндеу жайын, әлеуметтік нысандар құрылысын салу барысын сөз етті.

Облыс әкімі кездесулер кезінде алыстағы ауылдардың барлық өзекті проблемаларына қанығып, олардың бірқатарын қолма-қол шешіп берсе, тағы бірқатарының жайын қарастыруға уәде берді.