Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да Адам Мицкевич атындағы Польша университетінің тұсаукесері өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұсаукесерге сондай-ақ, шығыстану және азиялық зерттеулер профессорлары Марек Говенски мен Хенрык Янковски қатысты. Адам Мицкевич университеті Польшадағы ірі академиялық орталық және Познаньдағы ең ірі білім ошағы болып саналады. Университет профессорлары Еуроодақтың қаржыландыруы арқасында халықаралық ғылыми зерттеулерде қарқынды жұмыстар атқарып келеді. Сонымен бірге, EUA (Еуропалық университеттер қауымдастығы), EUCEN (Еуропалық ЖОО-нан кейінгі білім желісі) және Химиялық зерттеулер жөніндегі еуропалық желі және басқа да еуропалық зерттеулер желілері мен жобалары сияқты ірі университеттер қауымдастықтарының мүшесі болып табылады.
Отырыстың басты тақырыбы оқу үдерісі мен ғылыми мамандар деңгейін жақсарту мақсатында бірлесе докторлар дайындауды жоспарлау, бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу және жұмыс қорытындылары мен студенттер алмасу арқылы екі диплом беру жолдары әңгіме болды. Сонымен бірге, қатысушылар студенттер мен магистранттар және PhD докторанттарының жазғы өндірістік тәжірибесін өткізуде де екіжақты алмасулар жасайтындықтарын мәлім етті.