Каддафи мұнаралар құрылысына тыйым салған Швейцарияға қарсы «жиһадқа» шақырды

None
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Ливия басшысы Муамар Каддафи Швейцарияға қарсы жиһадқа шақырды. САПА агенттігінің хабарлауынша, Каддафидің бұл ашулы мәлімдемесіне альпілік федерацияда мұнаралардың құрылысына Берннің салып отырған тыйымы себеп болып отыр,

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Дінге сенбейтін және құдайдан безген Швейцарияға қарсы міндетті түрде жиһад жариялау керек», - деп мәлім етті Каддафи Бенгази қаласында сөйлеген сөзінде.