Канадалық хоккейші қыздар Ванкувер «алтынын» жеңіп алды
10:34, 26 Ақпан 2010
СТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Канаданың хоккейден қыздар құрамасы Ванкувер Олимпиадасының чемпионы атанды.
Алаң иелері ақтық жекпе-жекте АҚШ командасынан басым түсті. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Екі шайба да бірінші кезеңде салынды. Екі голдың да авторы -Мари-Филип Поулин.
Ал жарыстың қола жүлдесін фин қыздары жеңіп алды. Олар үшінші орынға болған таласта шведтерден басым болды. Ал Ресей құрамасы болса, 5-ші орынды швейцарлық хоккейші қыздарға беріп, өздері 6-шы орынды місе тұтты.