Қанат Саудабаев беларустық әріптесі Сергей Мартыновты Алматыға ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне шақырды

None
МИНСК. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев өзінің беларустық әріптесі Сергей Мартыновты 2010 жылдың жазында Алматыда өтетін ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесіне шақырды.

Минскідегі кездесу барысында Қ.Саудабаев пен С.Мартынов екіжақты қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті және бұл сапар Қазақстан мен Беларус арасындағы байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Қ.Саудабаев Беларустың Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына табандылықпен және дәйекті қолдау жасағаны үшін ризашылығын білдірді. Бұдан басқа, енді Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде ресми Минскіге ЕҚЫҰ Саммитін өткізу идеясына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.