Қарағанды облысында Астана - Балқаш учаскесіндегі жол қозғалысы қайта жанданды
12:22, 07 Сәуір 2010
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың жаууына байланысты автомобиль көлігінің жүруі қиындай түскен болатын.
Осыған орай, сәуірдің 7-сіне қараған түні Астана - Балқаш учаскесінде автокөліктің жүруіне шектеу енгізілді.
Ал бүгін ауа райының дұрысталуына байланысты қазіргі таңда жол қозғалысы қайта ашылып отыр. Учаскеде 9 техника жұмыс істеуде, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.