Қарағанды облысында екі салт атты мұз астына түсіп кетті
16:34, 05 Сәуір 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында кеше кешқұрым Атасу өзенінде қайғылы оқиға орын алды,
деп хабарлады облыс ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Өзен үстінен өтіп бара жатқанда екі салт атты мұз ойылып, суға кетті. Олардың біреуі әзер дегенде өздігінен жағаға шықты, екіншісін іздестірумен облыстық ТЖ департаменті қызметінің судан құтқару қызметкерлері айналысуда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.