Қарағанды облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар болуы ықтимал - төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссия төрағасы

None
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат / Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдайлар орын алуы ықтимал,

деп санайды облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Арман Тұрлыбек.

«Өткен жылдарды ескерсек, биыл да облыс аумағында қар мен мұздың күрт еруі, жауын-шашынның молдығы, су қоймасынан айдалатын судың артуы сияқты жағдайлардың салдарынан су тасқынымен байланысты төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін», деп атап көрсетті А.Тұрлыбек мырза сейсенбі, наурыздың 2-сі күні өткен облыстық комиссияның мәжілісінде.

Қайғылы оқиғаларға және экономикалық шығындарға жол бермес үшін барлық деңгейдегі басқару органдары төтенше жағдайлардың алдын алуда ұйымдасып әрекет етулері қажет, деді төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы өз сөзінде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес облыста «Көктем-2010» командалық-штабтық жаттығуы басталды.