Қарағанды облысында су тасқынына күн сайын бақылау орнатылды
Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында облыстық ТЖ департаментінің бастығы, полковник Насретдин Балтынов айтты.
Бұл режім бойынша төтенше жағдайлардың ықтимал салдарына қарсы алдын алу шаралары күшейтілді.
Көктем маусымы басталғалы облыс аумағында бірқатар төтенше жағдайлар қалыптасты. Дегенмен оны дер кезінде жою шаралары қолға алынды. Алайда бүгінде Қарқаралы, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Абай, Шет, Жаңаарқа аудандарында су тасқыны қаупі сақталуда. Өзендерде қар еруі салдарынан су деңгейі 15 сантиметрден 3 метрге дейін көтерілуде және ояң жерлерде 500 метрден 3 шақырымға дейін жайылуда», - деді Н.Балтынов. Оның айтуынша, Қарқаралы ауданының өзінде ғана 8 елді мекенді ішінара су басты, оларда 3000-ға жуық адам тұрады.
Облыс аумағында тұтастай алғанда су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар жүргізілуде, деп атап көрсетті облыс ТЖ департаменті бастығының орынбасары. «Жергілікті жерлерде - әкімдіктер мен ТЖ бойынша бөлімдер мен басқармаларда штабтар құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», - деді ол.