Қарағанды облысында «Субару» көлігі жылқымен соқтығысып қалып, оқиға салдарынан жүргізуші көз жұмды
11:34, 13 Қыркүйек 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында, Қызылорда-Павлодар тас жолының 670-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Атасу ауылынан 80 шақырымдай жерде «Субару» жеңіл көлігі жылқыны қағып кетіп, оқиға салдарынан бір адам қаза болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Жексенбі күні кешкі сағат 10.00-дарда орын алған оқиғаның салдарынан «Субарудың» 41 жастағы жүргізушісі опат болды. Оқиға салдарынан сондай-ақ, 36 жастағы жолаушы әйел зардап шекті. Ол Атасу ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді.