Қарағанды облысында жыл жанұясы таңдалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда бірінші рет облыстық «Жыл жанұясы» фестивалі болып өтті.

Осы атақ үшін байқаулардың бірнеше сатыларынан өту арқылы Қарағанды, Абай, Шахтинск және Саран қалаларының атынан алты отбасы бақ сынады. Байқау құрамы әр ұлт өкілдерінен болды. Нәтижесінде, Қарағандының Когай-Ким кәріс жанұясы жеңімпаз атанды.

«Отбасының тірегі - махаббат пен қайырымдылық» - деп нық сеніммен айтады «Жыл жанұясы» атағын алған жанұяның отанасы Светлана Когай-Ким. Біз қазақстандықтарға қонақжайлық пен қолдау үшін алғыс айтамыз, деп атап өтті ол. «Біз Тәжікстаннан келген еріксіз қоныстанушылармыз, Қарағандыға 1996 жылы көшіп келдік. Ол жерде қиын болды, азаматтық соғыс басталып кетті. Қазақстан бізді қанатының астына алып, паналатты», - дейді Светлана.

Конкурстан соң жария етілгендей, «Жыл жанұясы» фестивалі Қарағанды облысында дәстүрге айналады.

Аталмыш іс-шараны ұйымдастырған облыстық ішкі саясат басқармасы мен бірқатар демеушілердің қолдауымен «Озарение» қоғамдық қоры.