Қарағанды облысының Қарағайлы кентінде кіші электр стансасы жайылма су астында қалды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Қарағайлы кентінде стратегиялық маңызды нысан - «Қарағанды-Жарық» ЖШС-нің кіші электр стансасы жайылма су астында қалды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайды жою бойынша шұғыл шаралар ұйымдастырылды. «Ғимараттарды жайлап кеткен суды кері айдау түні бойы жалғасты. ПЧ-40 автотехникасы мен «Өрт сөндіруші» құралы іске жұмылдырылды. Кіші станса істен шыққан жоқ», - деп атап көрсетеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.