Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайынан мамонттың сойдақ тісін көруге болады
«Біздің мұражай 1985 жылы құрылған еді. Осы уақыт аралығында мұражай мәдениет үйі, балабақша сияқты әртүрлі мекемелерде орналасты. Енді міне, біз де жаңа ғимаратқа қол жеткіздік», - деді мұражайдың директоры Геннадий Головченко.
Мұражай ғимаратының жөндеу жұмыстарына бюджеттен 40 млн. теңгеден астам бөлінді. Мұражай 4 залмен қамтамасыз етілген, бұл жерде сонау Одақ кезеңінен бастап бүгінгі егемендігімізге дейінгі аралық туралы сыр шертетін тарихи экспонаттар мен белгілі тұлғаларға, этнографияға арналған еңбектер бар. Сондай-ақ мұражайда қазіргі заманғы аппаратурамен қамтамасыз етілген баспасөз орталығы бар.
Келушілер мұражайдан Осакаровка ауданынан табылған мамонттың сойдақ тісін көре алады.
Еске алу тақтасы қуғын-сүргін кезеңіне арналған. Қоныс аударып келген адамдардың көрген қиыншылықтары мен қиын өмірі туралы сыр шертетін деректі кадрлар бейнеленген.
Басшылардың берген мәліметі бойынша, мұражай қорына шамамен 3000 экспонат жиналған.