Қарағандыда оқушылар белгісіз газға уланып қалды, бесеуі ауруханаға түсті

None
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Қарағанды мектептерінің бірінде балалар белгісіз газға уланып қалды, бес оқушы ауруханаға түсті,

деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, наурыздың 2-сі күні сағат 11.10-да Қарағандыдағы №62 мектептің дәлізінде біраз адам белгісіз газға уланып қалады. 13 адам медициналық көмек сұраған, олардың бесеуі ауруханаға түсті. СЭС мамандары санитарлық іс-шаралар жүргізді.