Қарағандыда «SMS арқылы балалар құқығы туралы біл» акциясы өтіп жатыр

None
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат / Валентина Елизарова/ - Наурыздың 1-і күні Қарағандыда «SMS арқылы балалар құқығы туралы біл» акциясы басталды.

«Облыс тұрғындары, Beeline желісінің абоненттері, 919 нөміріне тегін SMS-хабарлама жіберіп, жоба аясында наурыздың 15-іне дейін балалар құқығы бойынша сұрақтар қоя алады. Бұл үшін сұрақты, сұрақ қоюшының атын, байланыс телефондарын жазып хабарламаны арнайы қысқа 919 нөміріне жіберу қажет. Бұл акция тегін», деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

SMS-хабарламалардың жауаптары балалардың құқықтарын қорғау департаментінің www.bala-zan.kz сайтында және газет беттерінде жарық көреді. Акция - балалардың құқығын мойындауға жасалған тағы бір қадам болады, дейді Балалар құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері.

«Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында, біздің департамент Қоғамдық қабылдау және «сенім телефонын» ашып отыр. SMS арқылы сауалды тегін жолдау мүмкіндігі балалармен, олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен кері байланыстың қосымша және қолжетімді арнасы болады деген үміттеміз», дейді департамент директоры Ирина Киселева.

Акцияны аталмыш департамент «Кар-Тел» серіктестігінің Қарағанды филиалының техникалық қолдауымен ұйымдастырып отыр.