Қарағандыда үй құрылыс алаңында бес метр биіктіктен құлап кеткен жұмысшы жарақаттанды
14:20, 10 Қыркүйек 2010
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Жақында Қарағанды қаласындағы Мичурин 5 мекен-жайы бойынша орналасқан үй құрылысы алаңында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
«Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде 37 жастағы жұмысшы бес метр биіктіктен құлап кетті», - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Зардап шеккен жұмысшы Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды.
Алдын ала жүргізілген болжам бойынша, оқиға еңбекті қорғау ережесінің бұзылу зардабынан болуы мүмкін. «Жұмыс беруші туралы ақпарат жиналып жатыр», - деп атап өтті облыстық ІІД баспасөз қызметі.