Қарақшылар елордадағы «Сәлем» базарының күзетшісін соққыға жығып, 600 мың теңгенің мүлкін ұрлар кетті

None
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпанның 14-і күні белгісіз біреулер «Сәлем» базарының күзетшісін соққыға жығып, қарулы қарақшылық шабуыл жасаған. Ұрыларды тәртіп сақшылары ақпанның 16-сы мен 18-і аралығында жүргізілген арнайы жедел-сауықтыру шарасы барысында қолға түсірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, қарақшылар күзетшіні байлап тастап, құны 600 мың теңгенің тауарын алып кеткен. Ал ақпанның 18-і күні жедел-іздестіру шарасы барысында 20 жас шамасындағы 3 адамнан тұратын қылмыстық топ өкілдері қолға түсіп, олар Астанадағы уақытша ұстау орнына қамалды. Сондай-ақ жедел-сауықтыру шарасы кезінде елордада автокөліктердің доңғалақтарын ұрлаумен айналысқан 22 және 25 жас аралығындағы ұрылар қолға түсті.