Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының үкіметтік делегациясымен кездесті

None
СТАНА .Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Виктор Христенко бастап келген үкіметтік делегацияның өкілдерімен кездесті,

деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

В. Христенко Астанада өтіп жатқан Қазақстан-ресейлік үкіметаралық комиссиясының кезекті мәжілісінің жұмыс барысы туралы хабардар етті. Тараптар сондай-ақ Кеден одағы аясында Қазақстан мен Ресейдің екіжақты экономикалық қарым-қатынастары мен өзара тиімді ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.