KASE: таңертеңгілік сессияның қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,32 теңгені құрады
12:46, 26 Ақпан 2010
қпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Жұма күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,32 теңгені, ал сауда көлемі 80 015 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,01 теңгеге арзандап, сессия көлемі 26 580 мың долларға кеміді.
Т+0 теңге есебімен және Т+0 доллар есебімен еуро валютасы бойынша мәлімелер жасалған жоқ.