KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: АҚШ доллары 148, 54 теңгені құрады
(EURKZT_ TOD) және еуро бойынша Т+0 есебімен АҚШ долларымен (EURUSD_ TOD) таңертеңгілік сауда сессиясы өтті. Аталған инструменттер үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Дүйсенбі күні саудаға спот-нарықта KASE-нің «Валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.
АҚШ долларының спот-нарығында соңғы мәміле 1 доллар үшін 148,54 теңге (+0,25 теңге), сауда көлемі 158 000 мың АҚШ доллары (+62 100 мың USD) болды.
Еуро бойынша Т+0 есебімен теңгемен және АҚШ долларымен мәмілелер жасалған жоқ. Сессияның жабылуында KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер өткен таңертеңгі сессияға қатысты көрсетілген. Егер өткен таңертеңгі сессияда тиісті инструмент бойынша мәміле жасалмаса немесе сауда жүргізілмесе, тренд көрсетілмейді.