KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,90 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,90 теңгені, ал сауда көлемі 85 300 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 30 800 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге және доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ.