KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,91 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санат үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,91 теңгені, ал сауда көлемі 138 700 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,09 теңгеге арзандап, сессия көлемі 81 735 мың долларға артты.

Сәуірдің 5-і - Германия мен Ұлыбританияда демалыс болуына байланысты (Пасханың екінші күні) (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша сауда болған жоқ.