KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 147,00 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Германия мен Ұлыбританияда сәуірдің 2- сі мен 5-і күндері діни мереке болғандықтан (Страстная пятница және Пасханың екінші күні), EURKZT_TOD және EURUSD_TOD санаттары бойынша бүгін сауда болған жоқ.

USDKZT_TOD санаты үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,00 теңгені, ал сауда көлемі 56 965 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,07 теңгеге арзандап, сессия көлемі 24 185 мың долларға кеміді.