KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,28 теңгені құрады

None
АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,28 теңгені, ал сауда көлемі 67 745 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,17 теңгеге арзандап, сессия көлемі 9 285 мың долларға кеміді

Т+0 теңге есебімен және Т+0 доллар есебімен еуро валютасы бойынша

мәмілелер жасалған жоқ.