Каспийде қайраңға отырған ресейлік кеме үшінші күн көмек күтуде - Көлік және коммуникация министрлігі

None
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Каспий теңізінде ресейлік «Роскем-1» танкері қайырға отырды, оған көмекке бүгін, сәрсенбі күні мұзжарғыш кемесі жетуі керек,

деп хабарлайды Қазақстанның Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ақпанның 21-і күні жергілікті уақыт бойынша шамамен 23 сағат 50 минутта Үрдік мүйісі аумағында мұз өтпесін күту үшін зәкір тұрағын таңдау барысында «Роскем-1» танкері қайраңға отырды. Зардап шеккендер мен қоршаған ортаны ластау болған жоқ.

«Танкерді қайраңнан шығару үшін жолға шыққан ресейлік «Капитан Мейцак» мұзжарғышы қаңтардың 24-інде жетеді деп күтілуде», деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.