Кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет қарсыласын нокаутпен жеңді

Фото спортшының Instagram паақшасынан

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет америкалық Джошуа Конлимен (17-7-1, 11 КО) жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады.

26 жастағы Бек үшін бұл — кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңіс. 

Оның ішінде 11-інде қарсыласын осылай мерзімінен бұрын жер жастандырып отыр. 

Қазақстандық боксшы Канело мен Берланг бокс кешінің андеркартын ашты, бірақ жекпе-жек YouTube тікелей эфирінде көрсетілмеді. 

Сауль Альварес «Канело» мен Эдгар Берланг айқасы әлі болып жатыр. Оны мына сілтемеден тамашалауға болады. 

Фото: instagram.com/gotpho775

Айта кетейік, мұның алдында Бек Нұрмағанбеттің әлемдік рейтингіде жоғарылағанын хабарлаған едік. 

Бек былтыр АҚШ-та өткен тағы бір жекпе-жегінде нокаутпен жеңген.