Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Лордтар Палатасының мүшесі Висконт Уэйверлиді қабылдады

None
>

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты, оның ішінде парламентаралық ынтымақтастық деңгейі туралы мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Осы сапар барысында «Қазақстан-Ұлыбритания» ынтымақтастығы жөніндегі топпен Британ Бүкілпартиялық Парламенттік топ арасындағы өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылуының маңызды екенін атап өткен Қ.Тоқаев екі мемлекеттің жоғары өкілді органдар арасындағы үнқатысуын одан әрі тереңдету жайында айтты.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі бағдарламасына қатысты төраға қазақстандық парламенттік делегацияның ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Қысқы отырысына қатысуы маңызды екенін атап өтті. Жиын аясында саяси, қауіпсіздік, демократия, адам құқығы, экономика және экология мәселелерімен бірге Ауғанстандағы жағдайға арналған арнайы сессия болған еді.

Ауған мәселесі биыл мамырда Алматыда өтетін «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» Трансазиялық парламентшілердің жиынының күн тәртібіне енгізілгенін атап өте келіп төраға В.Уэйверлиді осы жиынға қатысуға шақырды.

Қазақстан төрағалығының стратегиялық мақсаты ЕҚЫҰ Саммитін 2010 жылы өткізу, ондағы күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі Ауғанстандағы жағдай болады.

«ЕҚЫҰ-на Қазақстан төрағалығының бағдарламасын жүзеге асыру барысында біз Ұйымның негізгі мүшелерінің бірі Ұлыбританияның қолдауына сенім артамыз», - деді Қ.Тоқаев.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге жәрдемдесу үшін ЕҚЫҰ әлеуетін пайдаланудың барлық мүмкіндіктерін қолдануға ниеттеніп отыр, - деді төраға.

В.Уэйверли әлемдегі Қазақстанның беделін жоғары бағалай келіп ЕҚЫҰ төрағасы миссиясын табысты атқаратынына сенім білдірді.

Парламентшілердің айтуынша, Қазақстан мен Ұлыбритания Парламенттерінде қызмет ететін ынтымақтастық жөніндегі топтар арасындағы өзара түсіністік туралы бүгін қол қойылған Меморандум парламентаралық байланыстарды кеңейтуге тың серпін береді.

Лорд Ұйым тарихында ірі оқиға болып табылатын, 2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге қолдау білдірді.